Сейсенбі, 22.07.2025, 23.18.31
Қош келдіңіз, Гость | RSS

І.Кеңесбаев орта мектебі

Сайт менюі
Біздің сауалнама
Біздің сайтты бағалаңыз
Барлық жауап бергендер: 25
Статистика

Барлық онлайн: 1
Қонақтар: 1
Пайдаланушылар 0
Яндекс.Метрика

Мектеп тарихы

Тарихы

     Талай ақын — жазушыларымыз жырға қосқан Теріскей өңіріндегі Қаратау баурайында орналасқан Таукент кентіндегі І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінің тарихы оның мектеп болып қалыптасуына,яғни 1984 жылдан бастау алады.Мектеп іргетасы 1983 жылы күзде басталды.

     Мектеп құрылысын А.Сивухин басқарған СМУ-8 мекемесі жүргізді. Оның ішінде А.Т.Якимов бригадасы жұмыс жасады. Тұрғылықты жерден А.Айжолов,Қ.Ибраев,М.Алиев,Дүйсенов,К.Дініқов сынды құрылысшылар қатысты.

     Алғаш мектеп берілгенде,орыс және қазақ мектептері бөлек болды. Кейін 1992 жылы тамыз айынан бастап № 36 қазақ-орыс мектебі болып бірікті.

     Көпшіліктің ұсыныстарын мектеп ұжымы қолдап,аудан әкіміне тіл білімінің докторы,профессор,академик Ісмет Кеңесбаевтың атын беруді сұрап екеі рет хат жолданды.

     Нәтижесінде 1994 жылы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысы негізінде І.Кеңесбаевтың аты № 36 Таукент қазақ орта мектебіне берілді. Сол жылдары бұл мектепте 60-тан астам мұғалім жұмыс істесе,750-ге тарта қазақ балалары білім алды.

     Қазіргі таңда 2013-2014 оқу жылында мектепте 127 мұғалім,968 оқушы бар.Аудан көлеміндегі ең үлкен мектептердің бірі.


Халқының ардақты кемеңгері

     І.Кеңесбаев 1907 жылы ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының Жыныс ауылында дүниеге келген.Ол Қазақ Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі,Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, филология ғылымының докторы, профессор.Ол 1922-1928 жылдары Ташкент қаласындағы Қазақ халық ағарту институтында,1926-1928 жылдары осы қаладағы Қазақ педагогика институтында оқыған.

     1928-1931 жылдары Ленинград шығыстану институның түріктану бөлімінде оқыды.

     1933-1936 жылдары КазПи —де оқытушы Алматы медицина институты тілдер кафедрасының меңгерушісі,1936-1939 жылдары ҚСРО Ғылым академиясы Қаз.филиалында тіл және әдебиет секторының аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.1946 жылы Қазақстан ҚСР ғылым академиясының вице президенті болып жұыс атқарды. Ол ширек ғасыр бойы тіл және әдебиет институтының директоры,бірнеше жыл қоғамдық ғылым бөлімшесінің хатшы академигі болып істеді.азақ тілі бөлімінің дамуына аса мол үлес қосқан ғылымның қаламынан 250-ден астам ғылыми зерттеу еңбегі жарық көрді.Әсіресе қазақ тілінің дыбыс жүйесі,фразеологиясы мен лексикологиясы саласындағы зерттеулері ерекше.Халық ағарту комиссариатындағы методист,қазақ мемлекеттік баспасында ректор бола жүріп,мектептерге арналған қазақ тілі оқулығы мен оқу программасын жасауға қатысты. Бастауыш сыныпқа арналған «Әліппе» 5-6 сыныптарға арналған «Қазақ тілі» оқулықтарының авторларының бірі. Қазақ тілінде шыққан үлкенді —кішілі сөздіктерге жетекшілік етті. Жоғарғы оқу орнына арналған алғашқы грамматикасы, 1954"қазіргі қазақ тілі" авторларының бірі.

     Ісмет Кеңесбаев ғылым кадрлерін даярлауға белсене араласты. Ғалымның көптеген шәкірті республикада одан тыс аймақтарда жемісті еңбек етіп жатыр.

     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері филология ғылымының докторы,профессор.Ісмет Кеңесбаев 88 Жасқа қараған шағында 1955 жылы 18 қаңтарда дүние салды.

     Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 3.06.1996 жылғы № 384 қаулысымен академик Ісмет Кеңесбаев есімі Таукент орта мектебіне берілді

І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебі

Мультимедиа кабинеті


Мектеп кітапханасы

Мектептің үлкен спорт залы

Сыныптан тыс жүргізілген жұмыстардың көріністері

Интерактивті тақта кабинеті


Сайтқа кіру
Валюта
Курс Валют Информер
Казахских тенге Казахский тенге валюта Казахстана
(EUR)//-//
(USD)//-//
(CZK)//-//
(GBP)//-//
Iздестiру
Күнтiзбе
«  Шілде 2025  »
ДсСсСрБсЖмСбЖб
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Кіші-чат
200

Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс. Copyright Нұрғазы Мавленов © 2025